Даңқты баскетболшы Лебронның аяғы жанкүйерлерін шошытты

Редактор
08.02.2024, 08:20

Спортшы биыл 40 жасқа толады

Getty Images

Америкалық әйгілі баскетболшы Джеймс Лебронның жағажайда жалаңаяқ жүрген фотосы әлеуметтік желіде жарияланып, жанкүйерлерін шошытты.

Атап айтқанда, спортшының башпайлары формасын өзгертіп, бірінің үстіне бірі шығып кеткен. Желі қолданушылары мұны ұзақ жыл бойы үздіксіз жаттығу жасағаннан деп болжады.

Айта кетейік, «Лос-Анджелес Лэйкерс» ойыншысы Джеймс Леброн биыл 40 жасқа толады. Ол былтыр NBA тарихындағы ең үздік сұрмерген атанған болатын. Екі рет Олимпиада чемпионы, төрт рет NBA чемпионы болған.

Материалда: