Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Астана» баскетболшылары ВТБ лигасындағы 27 матчтың бәрінде жеңілді

Редактор
26.01.2025, 21:51

Келесі матчты елордалық ұжым «Самараға» қарсы өткізеді

БК "Астана"

«Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасындағы 27-ші ойынын өткізіп, тағы да жеңілді. Осылайша, елордалық команда биылғы маусымда бірде-бір матчта жеңіске жетпей, лигадағы антирекордты жаңартты.

Кезекті ойын сырт алаңда «Нижний Новгород» клубына қарсы өткен болатын. Алғашқы кезеңде командалар тең тарқасты. Алайда, ойынның екінші бөлігінде алаң иелері 12 ұпай айырмашылықпен алға шығып, матчтың мәселесін шешіп татсады. Қалған екі кезеңде Астанадан келген ұжым басымдық танытқанымен, есепте қуып жете алмады. Қорытынды есеп – 66:62 (16:16, 22:10, 13:17, 15:19).

«Астана» сапынан ең үздік ойыншы атағын 29 ұпай жинаған Даниель Утоми иеленді. Сондай-ақ, Григорий Мотовилов — 16 ұпай, Данила Походяев — 7, Галлин Смит — 4, Руслан Айтқали — 3, Рустам Мурзагалиев — 2, Андрей Десятников — 1 ұпай иеленіп отыр.

Айта кету керек, «Астана» өз тарихында қатарынан 27 матчтың бәрінде бұрын-соңды жеңілмеген. Бұл көрсеткіш – клубтың антирекорды. Келесі матчты елордалық ұжым өз алаңында 29 қаңтарда «Самараға» қарсы өткізеді. Букмекерлер бұл ойында да «Астананың» жеңілетініне күмән келтірмейді.

Жарнама
Жарнама