Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Астана» баскетбол клубы қатарынан 26 ойында жеңілді

Редактор
21.01.2025, 22:52

Алғашқы екі кезеңде жеңіп тұрған елордалық команда жеңісті қолдан берді

"Астана" БК

Ресейдегі ВТБ лигасында өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы биылғы маусымда әлі бірде-бір жеңіске жеткен жоқ. 26 матч өткізген елордалық команда барлық ойында жеңілген.

Бүгін өз алаңында «Енисейді» қабылдаған Киселев шәкірттері сөзсіз аутсайдер саналған. Десе де, алғашқы екі кезеңде астаналықтар ұпай санымен алға шығып (20:14 22:19), сенсация жасаудың сәл-ақ алдында болды. 

Ал, шешуші үшінші және төртінші кезеңдерде Красноярсктен келген баскетболшылар астаналықтардан бір бас жоғары өнер көрсетіп, қорытынды есепте жеңіске жетті, есеп – 78:63.

«Астана» сапынан ең үздік ойыншы деп Даниель Утоми танылды, ол 15 ұпай жинаған.

Келесі матчты елордалық команда 27 қаңтарда сырт алаңда «Нижний Новгород» клубымен өзара мықтыны анықтайды.

Жарнама
Жарнама