Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасынан бас тартты

14.05.2025, 22:07

Соңғы маусымда елордалық команда антирекорд орнатқан еді

"Астана" БК

«Астана» баскетбол клубы алдағы маусымда ВТБ Бірыңғай лигасына қатыспайды. Бұл туралы лига президенті Сергей Кущенко мәлімдеді.

Оның айтуынша, клуб бұл шешімді Қазақстандағы заңнамалық өзгерістерге байланысты қабылдаған. Атап айтқанда, елде легионерлерге қатысты шектеулер енгізіліп, клуб шетелдік ойыншыларды сапына қоса алмайды.

«Астана» заңнамалық бастамаларға байланысты уақытша үзіліс алуға шешім қабылдады. Біз мұны «каникул» деп атаймыз. Негізгі команда келесі маусымда қатыспайды, бірақ олардың U21 құрамы ВТБ Бірыңғай жастар лигасында өнер көрсетеді. Ал негізгі ұжым 2026 маусымында оралуы мүмкін. Біз де, олар да ынтымақтық ниеттеміз», - деді Кущенко.

«Астана» клубының уақытша бас тартуы Қазақстандағы спорт заңнамасына енгізілген өзгерістердің тікелей салдары дейді сарапшылар. Дегенмен, клуб толық құраммен жарысқа қайта оралуға ниетті екенін айтуда.

Еске салайық, соңғы маусымда «Астана» ВТБ лигасын ең соңғы орынмен аяқтады. Клуб маусым бойы небәрі екі матчта жеңіске жетіп, қалғанының бәрінде жеңілген.

Жарнама
Жарнама