Бұған дейінгі екі матчты астаналықтар жеңген болатын
ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы Мәскеуде жергілікті «Рунадан» жеңіліп қалды деп хабарлайды 1bol.kz.
Алғашқы екі периодтан кейін қос команданың ұпай саны теңескенімен, үшінші кезеңде «Руна» баскетболшылары екі есе дәлдік танытып алға шықты. Ал, төртінші кезеңде «Астана» ойыншылары жағдайды реттеуге тырысқанымен, есепте қуып жете алмады, 80:67 (24:15, 15:23, 24:11, 17:18).
«Астана» сапынан ең көп ұпайды Дэвин Дэвис жинады (18 ұпай). Ройс Хомм – 16, Маркелл Джонсон – 14, Василие Пушица – 11, Карвел Андерсон – 6 және Дмитрий Гаврилов 2 ұпайды еншісіне жазған.
1 ақпанда астаналықтар өз алаңында Красноярск қаласының «Енисей» клубын қабылдайды.