«Кристал Пэлас» – «Манчестер Юнайтед»: Роман Павлюченкодан болжам

Редактор
06.05.2024, 11:50

Аталған матч 6 мамыр түнде болады

Getty Images

Футболдан 2008 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Англияның «Тоттенхэм» клубында ойнаған ресейлік Роман Павлюченко Англия Премьер-лигасының 36-туры аясында кездесетін «Кристал Пэлас» пен «Манчестер Юнайтед» ойынына болжам жасады.

- «Манчестер Юнайтед» үшін маусым қиынға соқты. Олар енді биылғы маусымды тезірек ұмытып, жаңасына дайындалғысы келетін болар. Бірақ осы ойында бәрібір де қонақтарды фаворит деп санаймын. Тен Хаг шәкірттері 5 матч бойы ұтылған жоқ. Жалпы соңғы 9 матчта тек «Челсиден» жеңілген. Команда турнир кестесінде алтыншы орында. Алайда, оның ізін аңдып келе жатқан бірнеше команда бар. Олар: «Ньюкасл» мен «Челси». Сондықтан МЮ-ге еурокубокқа қатысу үшін тек жеңіске жету қажет. Чемпиондар лигасынан үмітін үзді, енді ең болмаса Еуропа лигасында ойнаулары тиіс», - дейді Роман Павлюченко.

Ол «Кристал Пэластың» жақында «Ньюкасл», «Вест Хэм» клубтарын жеңгенін де атап өткен. 

Айта кету керек, АПЛ-дің бірінші айналымында «Кристал Пэлас» «Манчестер Юнайтедте» «Олд Траффордта» жеңіп кеткен. Бұл жолы «қызыл сойқандар» есе қайтарады деп санайды Павлюченко.

«МЮ-дің ойынына болжам жасау өте қиын. Дегенмен, алаң иелері қалай десек те, еурокубокқа қатысудан үмітті. Сондықтан олардың бүгін мотивациясы жоғары. Мен МЮ жеңіске жетеді деп ойлаймын. Қонақтардың жеңісіне букмекерлік кеңселер 2,98 коэффицент беріп тұр», - дейді ресейлік футболшы.

Айта кетейік, «Кристал Пэлас» пен «Манчестер Юнайтед» арасындағы ойын Астана уақытымен мамырдың 6-сынан 7-сіне қараған түні сағат 00:00-де басталады.