«Реал Мадрид» – «Бавария»: комментатор Ерсін Еріктен болжам

Редактор
08.05.2024, 16:29

Уэмблиде 2013 жылдың финалы қайталана ма?

Getty Images

Бүгін Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында Чемпиондар лигасының екінші финалисі анықталады. Бір апта бұрын Мюнхенде тең тарқасқан «Бавария» мен «Реал» қарымта матч өткізеді. Осы ойынға қатысты Qazsport арнасының комментаторы Ерсін Ерік болжам жасады.

– «Реал Мадрид» бұл турнирге айқын төселген, айқын фаворит деуге болады. Ал, «Баварияның» қорғанысында үлкен проблема бар. Биыл Бундеслиганы да жеңе алмады. Әйтпесе, неше жылдан бері қиналмай топ жарып жүрген турнирі еді. Осы жылы «Штутгарт», «Байер» барлығы «Бавариядан» ұпай тартып алды. Соңғысы, тіпті чемпион болды. Меніңше, бүгінгі матч 3:1 есебімен аяқталады. Кейбіреулер 11 жылдан кейін «Уэмблидегі» финалда «Боруссия» мен «Бавария» кездеседі дейді. Иә, «Боруссия» финалда ойнайды. Бірақ қарсыласы бұл жолы «Реал» болады. Болжам «Реал» жеңіске жетеді, гол саны тотол 2,5 көп.

Айта кетейік, матч Астана уақытымен 00:00-де басталады. Комментатор Ерсін Ерік осы матчты тікелей эфирде жүргізеді.