Манчестер дербиінде кімнің асығы алшысынан түседі?

Редактор
25.05.2024, 18:58

МЮ үшін бұл трофей алудың соңғы мүмкіндігі

Getty Images

«Сити» қашан да жүлдеге жерік, трофейге берік команда. Пеп Гвардиоланың командасы бүгін де фаворит. АПЛ алды, енді Англия кубогын да алуы керек.

«Қалалықтар» бабында, соңғы матчтарында кемі 3 голдан салып келе жатыр. Эдерсон жарақатына байланысты финалға шыға алмайды, ал қалған футболшыларды қамшылаудың қажеті жоқ. 

МЮ құрамы жақсы. Бірақ команда әлі дағдарыстан шыға алмай келеді. Осы маусымда АПЛ-де 14 матчта жеңілді - фиаско. Аз гол салады, қақпасына голды жиі жібереді. Қорғаныста да, шабуылда да нәтиже айтарлықтай емес.

Команда бас бапкері Эрик тен Хагтың МЮ-дегі болашағы бұлыңғыр. 2016 жылы Англия кубогын жеңген Лиу Ван Галды отставкаға жіберген МЮ басшылығы осы финалдан кейін Эрик тен Хагтың басына ақ құйып, шығарып салатын шығар.

Біздің болжам: «Сити» жеңеді. Кемі 2 гол салады деп ойлайм.