«Байер» Кайзерслаутернді тас-талқан етіп жеңе ме?

Редактор
25.05.2024, 18:42

Ливеркузендіктер тағы бір титулға жақын тұр

Getty Images

Немістердің 2-бундеслигасында ойнайтын «Кайзерслаутерн» командасы ерлеп, Германия кубогының финалына шығып алды. Финалда ойнайтын командада титтей де болсын мүмкіндік болады. 

«Кайзерслаутерн» финалға шыққанымен, 2-бундеслигада 13-орын алды. 34 матчта 64 гол жіберді. Жағдай мәз емес. Қарсыласың «Байер» болса, жағдай одан да мүшкіл. 

Бірақ, «Кайзерслаутерн» соңғы бес матчында 3 рет жеңді. 14 гол салып, қақпасына 6 гол жіберді. Финал алдында еңсесін тіктеп, соңғы матчына ерекше дайындықпен келді.

«Байер» ертегісі аяқталды. 51 матчқа созылған әдемі серия Еуропа лигасының финалында сыр берді. Маусым бойы екі голдан артық жібермеген «Байер» финалда жауапсыз 3 гол жіберіп, кіші треблдан қағылды.

Есесіне, «Байер» ойыншылары сабасына түсті. Өң мен түстің арасында жүрген "леверкузендіктер" енді ден қойып ойнайды. Бүгін финалда барын салып - арқаланып ойнайды. 

Біздің болжам: «Байер» кемі 2 гол салуы керек. Жеке тоталы 2,5 + гол.