Жарнама
Жарнама

Бүгін 4 қазақ боксшысы әлем кубогының жартылай финалында жұдырықтасады

Редактор
Бүгін, 08:15

Бүгінгі күнгі жарыстың тікелей трансляциясы 13:30-да басталады

бокс федерациясы

Бокстан Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының жартылай финал бәсекелері аясында бүгін төрт қазақстандық шаршы алаңға шығады.

Бүгінгі күнгі жарыстың тікелей трансляциясы 13:30-да басталады. Алғаш болып Қазақстан атынан Әсел Тоқтасын рингке шығады. Ол 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өтетін жартылай финалда өзбекстандық Олтина Сотимбоевамен кездеседі.

Одан кейін Санжарали Бегалиев (80 кг) финалға жолдама үшін жарысқа түседі. Оның қарсыласы – британдық боксшы Оладимеджи Шитту.

Кешкі сессия 17:30-да басталады.

Онда қазақстандық спортшылардың тағы екі жекпе-жегі өтеді:

  • Диана Магауяева (80 кг) жартылай финалда Польшадан келген Агата Качмарскамен жұдырықтасады.
  • Одан соң рингке Даниял Сапарбай (90+ кг) шығып, үндістандық ауыр салмақтағы Нарендермен кездеседі.
Реклама
Реклама

Материалда: