Жарнама
Жарнама

Ұзақ жылғы үзілістен кейін Қанат Ислам жекпе-жек өткізетін болды

Редактор
Бүгін, 07:56

Соңғы рет ол 2022 жылдың 7 қазанында аргентиналық Хавьер Франциско Масиельмен кездескен

Әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам араға бірнеше жыл салып, рингке қайта оралады.

41 жастағы кәсіпқой боксшы Ali Akhmedov Promotions ұйымдастыратын Fight Night кәсіпқой бокс кешінде кезекті жекпе-жегіне шықпақ. Бокс кеші 27 желтоқсан күні Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді. Қанат Исламның қарсыласы әзірге жарияланған жоқ.

Қанат Ислам кәсіби мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, оның 27-сінде жеңіске жеткен. Бір рет жеңіліп, тағы бір жекпе-жекте тең түскен. Соңғы рет ол 2022 жылдың 7 қазанында аргентиналық Хавьер Франциско Масиельмен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Қанат Ислам – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Ол WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin және WBA Fedecaribe сияқты белбеулердің иегері. Сонымен бірге бір кездері WSB лигасындағы «Astana Arlans» командасының капитаны болған.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Әли Ахмедов (24-2-0, 17КО) ганалық Делали Миледзимен (29-1-1, 22КО) қолғап түйістіреді.

Қанат Исламның қайта оралуы жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық туғызуда.

Реклама
Реклама