Жарнама
Жарнама

World Boxing: Үндістанның 15, Өзбекстанның 9 боксшысы финалда жұдырықтасады

Редактор
20.11.2025, 10:13

Шешуші жекпе-жектер 20 қарашада өтеді.

Фото: World Boxing

World Boxing ұйымының ресми сайты Үндістанда өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңінде екі мықты державаны атап өтті.

Ол екі құрама –  Үндістан мен Өзбекстан болып тұр. Жарыс қожайындары Үндістан, сондай-ақ Өзбекстан құрамасы айқын басымдық көрсетіп жатыр.

World Boxing ұйымдастырған 2025 жылғы Әлем кубогының финалдық кезеңінің төртінші күнінде Үндістан мен Өзбекстан өз көшбасшылығын жалғастырды. Жартылай финалдағы 18 жекпе-жектің алтауында Үндістан боксшылары алты, төртеуінде Өзбекстан боксшылары жеңіске жетті.

Бұл көрсеткішке сәйкес, финалға Үндістанның сегіз әйел және жеті ер боксшысы жолдама алды. Ал Өзбекстаннан алты ер және үш әйел боксшы финалда жұдырықтасатын болады.

Алты финалда осы екі құрама бір-бірімен кездеседі: әйелдер арасында – 48, 70 және +80 кг салмақ дәрежелерінде, ерлер арасында – 50, 55 және +90 кг салмақ санаттарында. Олар медальдық есептің көшін бастау үшін сынға түседі.

Айта кетейік, Қазақстан сапынан финалда екі боксшы жұдырықтасады. Шешуші жекпе-жектер 20 қарашада өтеді.

Реклама
Реклама