Жарнама
Жарнама

«Бұл бокс емес»: Жәнібек Әлімханұлы қызу талқыланған айқасқа қатысты пікір білдірді

Редактор
20.11.2025, 14:06

Жәнібек бұл жайтқа мән берудің қажеті жоқ деп санайды. 

Жәнібек Әлімханұлының жеке парақшасынан

WBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы блогер-боксшы Джейк Пол мен суперауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа арасында өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

19 желтоқсан күні Пол мен Джошуа Майамиде ресми кездесу өткізіп, бұл екеуінің де кәсіби карьерасындағы айқастар тізіміне енеді. Соған қарамастан Жәнібек бұл жайтқа аса мән берудің қажеті жоқ деп санайды.

­– Джейк Пол мен Энтони Джошуа 19 желтоқсан күні Майамиде жұдырықтасады...

– Бұл бокс емес – шоу, – деді «Қазақ стилі» ESNEWS-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының өзі шаршы алаңға 6 желтоқсанда шығады. Жерлесіміздің қарсыласы – WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара.

Реклама
Реклама