Жарнама
Жарнама

Қазақ боксшысы әлем кубогының финалында өзбек боксшысын жеңді

Редактор
20.11.2025, 21:09

Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы жарыстағы жорығын аяқтады

Instagram/@boxingkazakhstan

Үндістанның Дели қаласында бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңі өтті.

Шешуші кезеңге шыққан қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы өзбекстандық қарсыласы Жасурбек Юлдошевті 4:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы жарыстағы өнерін аяқтады. Команданың қоржынында жалпы сегіз медаль бар: бір алтын, бір күміс және алты қола.

Нью-Делиде өткен World Boxing ұйымының соңғы кезеңінде 85 келіге дейінгі салмақта өткен тартысты жекпе-жекте Айбарұлы үш раунд бойы айқын мінез танытып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Әлем кубогына Қазақстан атынан барлығы 13 боксшы қатысты: сегізі — ерлер құрамасынан, бесеуі — әйелдер құрамасынан. Жалғыз алтын медальді елге Сұлтанбек Айбарұлы сыйлады.

Реклама
Реклама