Жарнама
Жарнама

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының басшысы атанады

21.11.2025, 21:21

Дауыс беру рәсімі 23 қарашада Римде өтеді

instagram.com/gggboxing/

World Boxing Халықаралық бокс федерациясы алдағы Конгрессте өтетін сайлауға жіберілген үміткерлер тізімін жария етті.

Дауыс беру рәсімі 23 қарашада Римде өтеді. Барлық үміткер Sport Resolutions ұйымының қолдауымен жұмыс істейтін үш тәуелсіз халықаралық сарапшыдан құралған Тәуелсіз бағалау комиссиясының тексерісінен өткен.

Комиссия олардың кәсіби талаптарға сәйкестігін бақылап, мақұлдаған үміткерлерді ғана сайлауға жібергені мәлім болды. Құзырлы орган 2025 жылдың қазан айында түскен барлық өтінішті қарап, комиссия оң қорытынды берген үміткерлерді сайлауға қатысуға рұқсат етті.

Президент лауазымына жалғыз үміткер - Геннадий Головкин болып отыр. World Boxing Жарғысына сәйкес, егер басшылық қызметке бір ғана үміткер ұсынылса, Конгресс оны баламасыз негізде, яғни бірауыздан мақұлдай алады.

Президент сайлауынан бөлек, күн тәртібіне вице-президент пен Атқарушы комитеттің екі мүшесін сайлау енгізілген. Төменде бекітілген үміткерлердің тізімі берілген.

Вице-президент лауазымына үміткерлер:

  • Чайват Чотима (Таиланд)
  • Иштван Ковач (Венгрия)
  • Райан О’Ши (Канада)

Атқарушы комитетке үміткерлер:

  • Мулуд Бузьян (Франция)
  • Норберт Келлер (Бельгия)
  • Иштван Ковач (Венгрия)
  • Донатас Мачянскас (Литва)
  • Михаэль Мюллер (Германия)
  • Тацуя Накама (Жапония)
  • Райан О’Ши (Канада)

Конгресс деп отырғанымыз – World Boxing ұйымының жоғары басқару органы. Римдегі отырысқа вице-президент Дина Гликидис төрағалық етеді. Сайлау процесін тәуелсіз құрылым қамтамасыз етіп, бақылаушылар қатысып, барлық рәсімнің ашықтығы мен регламенттің сақталуын қадағаламақ.

Реклама
Реклама