Александр Усик пен Тайсон Фьюри арасындағы жекпе-жек болмайтын болды – дереккөз

Редактор
02.02.2024, 23:29

Қос боксшы абсолютті чемпион атағын сарапқа салуы керек болған

Чемпионат

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта WBC тұжырымының чемпионы Тайсон Фьюри (34-0-1, 24 KO) жаттығу кезінде жарақат алып қалды. Ол 18 ақпанда Эр-Риядта WBA, IBF және WBO чемпиондық белбеулерінің иесі Александр Усикпен (21-0, 14 KO) әлемнің абсолютті чемпион атағы үшін жұдырықтасуы керек болған. Енді бұл жекпе-жек белгісіз уақытқа шегерілуі мүмкін.

Жағымсыз ақпаратты Усиктің менеджері Sports Illustrated басылымына хабарлаған. Фьюридің қабағы жыртылып кеткен екен.

Дегенмен, қос тараптың да өкілдері әлі ресми ақпарат таратқан жоқ.

Тайсон Фьюри 35 жаста. Соңғы рет ол былтыр қазан айында камерундық MMA файтері Фрэнсис Нганнумен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Ал, 37 жастағы Усик тамызда британ боксшысы Даниэль Дюбаны тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіп, өз титулдарын қорғап қалды.