Жарнама
Жарнама

Жәнібек Әлімханұлы «ставка» тігіп жүргендерге үндеу жасады

Редактор
01.12.2025, 12:27

Бұл жекпе-жек орта салмақтағы ең маңызды кездесулердің бірі болмақ.

Фото: Getty Images

Кәсіпқой бокстың орта салмағындағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы қазақ жастарына маңызды үндеу жасады.

 

6 желтоқсанда Сан-Антониода (АҚШ) өтетін Эрисланди Ларамен айқас алдында боксшы отандастарын құмар ойындарға әуестенбеуге шақырды.

Әлеуметтік желідегі жазбасында әлем чемпионы жастарды ставкалар қоюдан аулақ болуға үндеді:

«Маған әр қазақ қымбат! Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен деймін! Жастарды құмар ойын ойнамауға, менің жекпе-жегіме бәс тікпеуге шақырамын!», – деп жазды Әлімханұлы.

Бұл жекпе-жек орта салмақтағы ең маңызды кездесулердің бірі болмақ. Айқаста үш чемпиондық белбеу – WBO, IBF және WBA – қатар бәске тігіледі.

Реклама
Реклама