Исхак Беншакал оққа ұшып, көз жұмды
Париж маңында Францияның екі дүркін вице-чемпионы Исхак Беншакал оққа ұшып, көз жұмды. Спортшы небәрі 24 жаста болған.
La Parisien газетінің жазуынша, Беншакалдың денесі қараша айының соңында табылған. Оның мойны мен кеуде тұсына төрт бірдей оқ тигені анықталған.
Исхак Беншакал жасөспірім шағында Нанси қаласындағы аймақтық спорт орталығында жаттығу және ұлттық құраманың жүйесіне қосылу туралы ұсыныс алған. Алайда ол бұл жолды таңдамағанын айтып, шешіміне ешқашан өкінбегенін жеткізген.
2018 және 2019 жылдары ол әуесқойлар арасында Францияның вице-чемпионы атанып, кейін кәсіби боксқа ауысуды жоспарлаған. Алайда пандемия оның мансап жоспарына айтарлықтай кедергі болды. Соңғы рет рингке 2024 жылы шыққан.
Басылымның мәліметінше, соңғы жылдары Беншакалдың құқық қорғау органдарымен мәселелері көбейген. Оған бопсалау ісі бойынша бір жарым жыл жаза тағайындалған, сондай-ақ есірткіге қатысты басқа да айып бойынша сот процесі өтуі тиіс болған.
Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.