Жекпе-жек Астана уақытымен 7 желтоқсан күні таңда болады
Кәсіпқой бокстан орта салмақта үш бірдей белбеу үшін жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлы маңызды жекпе-жегінің алдында мәлімдеме жасады.
Қазақ боксшысының үндеуін TopRank промоутерлік ұйымы өзінің Instagram-парақшасында жариялаған.
Еске салайық, 7 желтоқсанға қараған түні Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) кубалық әлем чемпионы Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) рингке шығады.
«Мен әуесқой бокста Азия чемпионатына, әлем чемпионатына, Олимпиадаға қатыстым, әлемнің барлық елін араладым. Енді өзімді, қазақ стилін әлемге танытатын уақыт келді», - деді Әлімханұлы.
Еске салайық, аталған жекпе-жекте Жәнібектің қос бірдей белбеуі – IBF және WBO, сондай-ақ Лараның WBA белбеуі сарапқа салынады.