Жарнама
Жарнама

Эрисланди Лараның жаңа қарсыласы белгілі болды

Редактор
Бүгін, 12:14

Енді Лара 34 жастағы колумбиялық Йохан Гонсалеспен (36-4, 24 KO) жұдырықтасады

Gettysport

6 желтоқсанда өтуі тиіс болған Эрисланди Лара мен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы арасындағы үш чемпиондық белбеу үшін айқас кейінге қалды. Бұған VADA-ның Жәнібектің сынамасынан тыйым салынған мельдоний анықтағаны себеп болды.

Premier Boxing Champions жедел түрде Әлімханұлының орнына жаңа қарсылас бекітті. Енді Лара 34 жастағы колумбиялық Йохан Гонсалеспен (36-4, 24 KO) жұдырықтасады.

Гонсалес биыл 1 наурызда бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Джаррет Хердті жеңген. Ал Херд өз кезегінде кезінде дәл осы Лараны ұтқан боксшы ретінде белгілі.

Реклама
Реклама