Жарнама
Жарнама

Ширек финалға шыққан боксшылар анықталды: қай ел көш басында тұр?

10.12.2025, 01:51

Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. 

ҚР ҰОК

Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында 1/8 финал кезеңі мәресіне жетіп, ширек финалға жолдама алған барлық боксшы анықталды.

Ширек финалда ең көп боксшысы қатысатын құрама – Ресей, 13 салмақтың бәрі 1/8 финалдық кезеңнен сүрінбей өтті. Екінші орында – 11 боксшысы қалған Өзбекстан құрамасы. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы 10 боксшымен үшінші орынға орналасты.

Жартылай финал жолдамасына Қазақстан атынан мына боксшылар таласады: Теміртас Жүсіпов (48 кг), Даниял Сәбит (51 кг), Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына 13 боксшын апарған. Алайда Ерасыл Жақпеков (81 кг), Дәулет Төлемісов (86 кг) және Нурмагамед Юсупов (92 кг) ширек финалға жолдама ала алмай, жарыс жолын ерте аяқтады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 13 желтоқсанда аяқталады. 

Реклама
Реклама