Ол - финалда өнер көрсететін екінші отандық боксшы.
Сәкен Бибосынов отандық боксшылардың арасынан әлем чемпионатының финалына өткен екінші спортшы атанды.
54 келінің өкілі Сәкен Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында непалдық Тапа Чандра Бахадурмен кездесіп, тартысты айқаста жеңіске жетті. Осылайша, ол финалға жолдама алды.
Естеріңізде болса, Бибосынов 2021 жылғы әлем біріншілігінде топ жарған.
Бұған дейін 75 келідегі Сабыржан Аққалылықов та жекпе-жексіз финалға өткен, себебі оның қарсыласы өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоев қолындағы жарақатқа байланысты кездесуден бас тартты.
Ал 48 келідегі Теміртас Жүсіпов қола жүлдегер атанды. Ол жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянға есе жіберді.
Енді шаршы алаңға тағы үш боксшымыз шығады.