Жарнама
Жарнама

«Өзара бәсекелес болдық»: Артур Бетербиев қазақстандық боксшылардың өнерін жоғары бағалады

11.12.2025, 18:36

Бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Головкинді де мақтады. 

Фото: Анатолий Жданов, Коммерсантъ

Жартылай ауыр салмақта бұрынғы абсолютті әлем чемпионы ресейлік Артур Бетербиев қазақстандық боксшылардың деңгейіне баға берді.

Қазақстандық боксшылар қай кезде де жоғары деңгей көрсеткен. Біз өзара бәсекелесіп жүретін едік. Бірге жаттығу жасадық. Мықты боксшылар өте көп. Қазақтар біздің басты бәсекелестеріміз болатын, - деді ол.

Бетербиев Жәнібек Әлімханұлын аса танымайтынын алға тартты.

Естігенмін, бірақ ол туралы көп білмеймін, жалпы өзге салмақтардағы боксшыларды аса зерттей бермеймін, - деді ол.

Сонымен қатар Головкиннің Даңқ залына енуіне қатысты да ойын айтты.

Головкинмен шаршы алаңда кездескен емеспін. Бірақ өте мықты боксшы екенін білемін. Ол Халықаралық Даңқ залына ену үшін ұзақ жол жүріп өтті. Әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да жарқын жеңістерге қол жеткізді, - деді ол.

Реклама
Реклама