Жарнама
Жарнама

Жәнібек Әлімханұлы мен қасындағы адамдарын қамауды ұсынды

Редактор
Бүгін, 08:26

Оның айналасындағы барлық жауапты тұлғаларға да ортақ жауапкершілік жүктеуі тиіс

Ашық дереккөзден

YouTube желісіндегі Doctor Boxing Talk арнасының авторы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасына қатысты қатаң шара қолдану қажет екенін мәлімдеді.

Бокс шолушысының пікірінше, соңғы допинг дауы тек спортшыға ғана емес, оның айналасындағы барлық жауапты тұлғаларға да ортақ жауапкершілік жүктеуі тиіс.

«Кездейсоқ жағдайлар болуы мүмкін, бірақ бокстың тазалығын сақтау үшін қатаң бақылау қажет. Мұның бір жолы – спортшыларды ғана емес, олардың бапкерлерін, промоутерлерін және бүкіл командасын жауапқа тарту. Қандай да бір қателік болса, бүкіл команда соның салдарын сезінуі керек. Барлығы жазалануы тиіс», – деді арна авторы.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан мельдоний анықталған. Соның салдарынан оның 7 желтоқсанға жоспарланған кубалық боксшы Эрисланди Ларамен (32-3-3, 19 КО) өтетін біріктіруші чемпиондық жекпе-жегі күшін жойған болатын.

Қазіргі таңда бұл іске байланысты ресми тергеу жүріп жатыр. Әзірге халықаралық бокс ұйымдары тарапынан нақты шешім шыққан жоқ. Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде әлі де орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы мәртебесін сақтап отыр.

Реклама
Реклама

Материалда: