Жарнама
Жарнама

Алуа Балқыбековаға алматылықтар көлік мінгізді

Редактор
Бүгін, 12:05

Боксшы еңбегін елеп, құрмет көрсеткендерге алғыс айтты

әлеуметтік желі

Алматы қалалық бокс федерациясы биыл бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанған Алуа Балқыбекованы арнайы марапаттап, автокөлік сыйлады.

Кеше қалалық бокс федерациясының жылдық конференциясында 2025 жылы әлемдік аренада Қазақстанның абыройын лайықты қорғаған Алматы бокс командасының өзге де өкілдеріне құрмет марапаттар мен ақшалай сыйақылар табысталған болатын.

Бұған қатысты боксшы пікір білдіріп, бірқатар адамға алғысын жеткізді.

«Алматы бокс федерациясы әлем чемпионаттарындағы нәтиже үшін көлік сыйлады. Федерация ұжымына көп рахмет. Еңбегімізді елеп, осындай керемет қолдау көрсетіп жатқандарыңыз үшін алғыс», - деп жазды боксшы.

Естеріңізде болса, Алуа Балқыбекова биыл наурыз айында ІВА өткізген әлем чемпионатында топ жарса, қыркүйек айында Ливерпульде өткен ӘЧ-де үздік шыққан болатын.

Реклама
Реклама