Испаниядағы бокс турнирінде финалға шыққан қазақстандық тоғыз боксшының жетеуі жеңіліп қалды

Редактор
06.02.2024, 07:36

Өзбекстаннан финалға шыққан төрт боксшының бәрі алтын медаль иеленді

Asian Boxing Confederation

Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2024 турнирінде Қазақстанның боксшы қыздары екі алтын медаль иеленді.

Ұлттық құрамадан аталған жарыста тоғыз боксшы финалда өнер көрсетті. Олардың қатарынан 52 келіде өнер көрсеткен Жазира Орақбаева мен +81 келіде өнер көрсеткен Ләззат Күнгейбаева бірінші орын алса, қалған жеті боксшы қыз ақтық сында жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. Олар: Әйгерім Сатыбаева (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Анель Сақыш (54 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Мадина Нұршаева (70 кг), Гүлсая Ержан (75 кг) және Фариза Шолтай (81 кг).

Ал, Өзбекстан сапынан ерлер арасында төрт боксшы финалға шықса, олардың бәрі алтын медаль иеленді. Турабек Хабибуллаев болса жарыстың ең үздік боксшысы атанды.

Жарыста әлемнің 31 елінен барлығы 208 боксшы қатысты. Командалық есепте Өзбекстан боксшылары бірінші орынды иеленді (4 алтын, 2 күміс). 4 алтын медальдан жеңіп алған Италия мен Филиппин құрамалары екінші және үшінші орынға тұрақтады.