Батыр Жүкембаев Ташкенттегі жекпе-жегі алдында батыл мәлімдеме жасады

Редактор
12.01.2026, 09:47

Ол 9 мамырда шаршы алаңға шығады. 

instagram.com/batyr_jukembaev

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO) алдағы маңызды жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

Ол 9 мамыр күні Ташкенттегі «Humo Arena» кешенінде өзбекстандық боксшы Шохжахон Эргашевпен (26-2, 23 KO) жұдырықтасады.

Жүкембаевтың айтуынша, бұл кездесу оның кәсіби мансабында ерекше орын алады.

«Бұл жекпе-жек мен үшін өте маңызды. 9 мамырда Ташкентте мен рингке жеңіс үшін ғана емес, карьерамдағы жаңа кезеңді бастау үшін шығамын. Жанкүйерлер үлкен айқастар мен ірі жеңіске қаншалықты аш екенімді көреді. Бұл шынымен де ерекше жекпе-жек болады», ­– деді Батыр Boxingscene.com порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегін былтыр сәуір айында Астанада өткізген. Ол кезде қазақстандық боксшы британиялық Кейн Гарднерді (18-5, 7 KO) төрешілердің ортақ шешімімен жеңген еді.

Реклама
Реклама