Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшысы шаршы алаңға қашан шығады

Редактор
12.01.2026, 17:52

Ол кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін өткізеді. 

Әлеуметтік желі

Өзбекстан атынан өнер көрсететін этникалық қазақ, жас боксшы Руслан Абдуллаевтың келесі жекпе-жегінің уақыты ресми түрде бекітілді.

23 жастағы Абдуллаев 16 қаңтар күні АҚШ-та өтетін бокс кеші аясында шаршы алаңға шығады. Оның бұл жолғы қарсыласы – 37 жастағы уругвайлық Эдуардо Хавьер Абреу.

Қазіргі таңда Руслан Абдуллаев кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, оның бірін нокаутпен аяқтаған. Ал тәжірибелі Абреудің еншісінде 14 жеңіс (оның 10-ы нокаутпен), бір жеңіліс және екі тең нәтиже бар.

Абдуллаев әуесқой бокста да табысты өнер көрсетіп келеді. Ол 2022 жылы Азия чемпионы, 2023 жылы әлем чемпионы атанған.

Айта кетейік, Руслан Абдуллаев 2019-2020 жылдары Өзбекстанның жастар құрамасына іріктеуден өте алмай, Қазақстанға келген болатын. Сол кезеңде Абдуллаев жастар арасындағы ел біріншілігінің жартылай финалында Сабыржан Аққалықовтан ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтты.

Алайда көп ұзамай COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстандағы жарыстар тоқтап, Руслан Өзбекстанға қайта оралды. Осыдан кейін оның қарқыны күшейіп, халықаралық ареналарда ірі жетістіктерге қол жеткізді.

Реклама
Реклама