ІВА басшысы АҚШ президентіне алғыс білдірді

Редактор
13.01.2026, 10:14

Умар Кремлёв: Бокста біз ең адал жолды таңдадық

Allboxing

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлёв АҚШ президенті Трампқа алғыс айтты. ІВА басшысы АҚШ президенті Дональд Трамптың алжирлік боксшы Иман Хелифке қатысты пікірінен кейін осындай үндеу жасады.

Кремлёв халықаралық спорт ұйымдарын әйелдер спортын қорғау үшін нақты әрі міндетті ережелерді шұғыл түрде қабылдауға, сондай-ақ трансгендер спортшыларға әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуға тыйым салу керектігін атап отыр.

Бұған дейін Трамп Париж Олимпиадасындағы бокс турнирінде Иман Хелифтің ХОК ережелері нәтижесінде алтын медаль жеңіп алғанын айтқан еді.

«Сіздердің жақта саясат бар - ал оларда саясат жоқ. Соңғы Олимпиада ойындары бізге спорттық рекордтармен немесе жарқын эмоциялармен емес, Париждің әйелдер мен олардың құқықтарын келемеждеудің символына айналуымен есте қалды… Енді әйел спортшыларды қорғау үшін мемлекет деңгейінде нақты шешім қабылдау қажет», - деді Кремлёв.

Ол Трампқа ұстанымы үшін алғыс білдіріп, «трансгендер спортшылар әйелдерге қарсы жарыстарға қатыспауы тиіс» екенін қосты.

Кремлёвтің айтуынша, IBA әйелдер санатын қорғау үшін ресми гендерлік анықтамалар мен тексеру рәсімдерін енгізген жалғыз халықаралық федерация болып отыр.

«Біздің жауапкершілігіміз - әйелдер санатын қорғау. Бокста біз ең адал жолды таңдадық. Талаптарға сай келу критерийлерін енгізу арқылы трансгендер спортшыларға әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуға тыйым салдық. Ереже болмаған жағдайда, оның салдарын әйел спортшылар тартады. Мұны біз Париж–2024 ойындары кезінде анық көрдік», - деп толықтырды Кремлёв.

Сонымен қатар, Кремлёв спортшыларды саяси немесе идеологиялық мақсатта пайдалануға болмайтынын айтып, «ақиқатты қорғап, әйелдер спортын қолдағаны үшін» Трампқа алғыс білдірді және басқа көшбасшыларды да осы ұстанымды ұстануға шақырды.

Реклама
Реклама