Биволдың бапкері Бетербиевпен үшінші жекпе-жек қашан өтетінін айтты

Редактор
Бүгін, 09:20

Екі бір жыл бұрын бокстасқан. 

championat.com

Жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бапкерлерінің бірі Дмитрий Кириллов Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

Кирилловтың сөзіне қарағанда, қос боксшы арасындағы үшінші кездесу өтеді, алайда ол міндетті үміткермен болатын жекпе-жектен кейін бірден ұйымдастырылмайды.

«Дима мен Артурдың үшінші жекпе-жегі өтеді. Бірақ Айфертпен болатын кездесуден кейін емес. Дегенмен бокста бәрі болуы мүмкін», – деп қысқаша түйіндеді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Дмитрий Биволдың бір жылдық үзілістен соң рингке қайта оралатыны белгілі болды. Ол IBF тұжырымы бойынша міндетті үміткер Михаэль Айфертпен жұдырықтасады. Жекпе-жек көктемде өтуі мүмкін.

Қазіргі таңда Дмитрий Бивол жартылай ауыр салмақта WBA, WBO, IBF және IBO чемпиондық белбеулеріне иелік етеді. Былтыр ақпан айында ол Артур Бетербиевтен есе қайтарып, абсолютті әлем чемпионы атанғанымен, кейіннен WBC титулынан айырылды. Ал 2025 жылдың жазында Бивол арқа тұсына операция жасатты.

Артур Бетербиевтің өзі де Биволмен үшінші жекпе-жекті күтіп жүргенін ашық айтқан. Ол да реванштан кейін шаршы алаңға шыққан жоқ.

Реклама
Реклама