Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер саналады
Кәсіпқой бокста әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық орта салмақты боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) шаршы алаңға қайта оралуға дайындықты жалғастырып жатырү
Қазіргі таңда спортшы оқу-жаттығу жиынын Таиландтың Пхукет аралында өткізуде. Нұрсұлтановпен бірге жұмыс істейтін жаттықтырушы Джон Хатчинсон Instagram желісінде боксшымен түскен суретін жариялап, оның басты мақсаты – әлем чемпионы атағын жеңіп алу екенін атап өтті.
«Бұл жиын енді қарқын туралы емес. Ең бастысы – дәлдік. Белбеу уақыты келді», – деп жазды ол.
Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер саналады. Қазіргі таңда бұл белбеу доминикандық боксшы Карлос Адамеске (24-1-1, 18 KO) тиесілі. Қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылы рингке шыққан болатын.
Айта кетейік, осы салмақта Қазақстанның тағы бір чемпионы – Жәнібек Әлімханұлы өнер көрсетеді.