Ол 33 жасында алғаш рет әлем чемпионатына қатысып, чемпион атанған.
Бокстан ҚР ұлттық құрамасының ең «қарт» боксшысы Теміртас Жүсіпов 38 жасқа толды. Ол осыдан бір ай уақыт бұрын Дубайда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еді.
Ақмола облысының өкілі Қазақстан боксшылары арасында ұлтты құрама сапындағы ең тәжірибелі спортшы. Ол 2021 жылы 33 жасында алғаш рет әлем чемпионатынада қатысып, 48 келіде чемпион атанды. Ал 2025 жылы ІВА өткізген біріншілікке екінші мәрте бақ сынап, қола медальға қол жеткізді.
Көкшетаулық боксшы 48 келіге дейінгі салмақта ҚР 8 дүркін чемпионы. Сондай-ақ, ол 2013 жылы Азия чемпионы атанған. Ал 2019 жылы құрлық біріншілігінде қола медальға ие болды. Бұдан бөлек, Жүсіпов бүкіләлемдік әскери ойындарды (2019 ж) және әскериле арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы (2021 ж).
Боксшы өнер көрсететін 48 келі дәрежесі қазіргі уақытта Олимпиадалық салмаққа енбейді. Ол өзін жігерлендіретін басты нәрсе өзінің ортасы екенін айтады.
«Мені не нәрсе жігерлендіреді? Бұл - айналамдағы орта. Ұлттық құрама сапындамын, жанымда жас жігіттер бар, бәріміздің мақсатымыз – алтын медальды жеңіп алып, Қазақстан Әнұранын шырқату. Командадағы достарым маған үлкен қолдау көрсетіп, құрметпен қарайды», - дейді Теміртас Жүсіпов.