Экс-бапкер Мұхтархан Ділдәбековтің орнына келді
Бокс федерациясында ауыс-түйістер жасалып, Мұхтархан Ділдәбеков қызметтік бағытын өзгертті. Оның орнына Қайрат Сәтжанов федерацияның жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалып отыр.
Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, әр жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарғаны көпшілікке белгілі. Енді белгілі маман жаттықтырушылар жұмысын үйлестіріп, дайындық жоспарына жұмыс істейді.
2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан бокс федерациясының жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметін атқарған Мұхтархан Ділдәбеков енді отандық боксты дамыту, ішкі үйлестіру мәселелеріне жауапты болмақ.