Энтони Джошуа қайғылы жол апатынан кейін жаттығуын қайта бастады

Редактор
16.01.2026, 22:45

Жол апатында жақын достары Сина Гами мен Латиф Айоделе қаза тапқан

Getty Images

Британиялық кәсіпқой боксшы Энтони Джошуа Нигерияда  екі адамның қаза өлімімен аяқталған жол-көлік апатынан кейін жаттығуға оралды.

Қайғылы жол апаты желтоқсан айының соңында Лагос-Ибадан тас жолында болған. 36 жастағы Джошуа отырған Lexus жол талғамайтын көлігі жол шетінде тұрған жүк көлігіне соғылған еді. Апатқа жылдамдықтың шамадан тыс болуы салдарынан дөңгелек жарылып, боксшының жақын достары Сина Гами мен Латиф Айоделе қаза тапқан болатын.

Ал Энтони Джошуа біренеше жерден жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенімен, 31 желтоқсанда медициналық мекемеден шығарылған.

Ол жол апатынан кейін 19 күн өткенде Snapchat әлеуметтік желісінде жаттығу жасап жатқан сәтінен бейнежазба жариялады.

Энтони Джошуа WBO, WBA және IBF нұсқалары бойынша әлемнің экс-чемпионы. Оның кәсіби мансабында 29 жеңіс пен 4 жеңіліс бар. Ол шаршы алаңда Энди Руиске, Александр Усикке (екі рет) және Даниэль Дюбуаға жол берген.

Соңғы жекпе-жегін Джошуа 2025 жылдың 19 желтоқсанында өткізіп, америкалық блогер Джейк Полды нокаутпен жеңген еді.

Реклама
Реклама