Руслан Абдуллаев АҚШ-та қарсыласын мерзімінен бұрын сұлатып түсірді

Редактор
18.01.2026, 12:46

Абдуллаевтың қарсыласы уругвайлық Эдуардо Хавьер Абреу болды

©instagram.com/asbc_official

АҚШ-та өткен бокс кешінде Өзбекстан намысын қорғайтын этникалық қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев кезекті сенімді жеңісіне қол жеткізді.

Жекпе-жек Калифорния штатында Golden Boy промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кеші аясында өтті.

Абдуллаевтың қарсыласы уругвайлық Эдуардо Хавьер Абреу болды. Жекпе-жектің алғашқы раундтарынан бастап Руслан айқын басымдық танытып, жылдамдық, техника және тактикалық шеберлік жағынан қарсыласынан бір саты жоғары екенін дәлелдеді.

Сегіз раундқа жоспарланған кездесудің бесінші раундында Абреу нокдаунға түсті. Ол жекпе-жекті жалғастырғанымен, Абдуллаевтың дәл әрі ауыр соққылар сериясынан кейін қарсылық көрсете алмады. Нәтижесінде төреші кездесуді тоқтатып, Руслан Абдуллаевтың техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.

Осылайша, Руслан Абдуллаев кәсіби мансабындағы төртінші жеңісіне жетіп, жеңісті сериясын жалғастырды.

Айта кетейік, Руслан Абдуллаев ұлты қазақ болғанымен, халықаралық ареналарда Өзбекстан құрамасының атынан өнер көрсетіп жүр.

Реклама
Реклама