Астанада бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтетін болды

Редактор
20.10.2023, 08:11

Айтулы сынға Азияның 23 мемлекетінен 200 жас спортшы келеді

Фото ашық дереккөзден

Астана қаласында алғаш рет бокстан жастар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді. 23 қазан мен 3 қараша аралығында «Beeline Arena» спорт кешенінде сары құрлықтың жас былғары қолға шеберлері 13 салмақта үздіктерді анықтайды.

Айтулы сынға Азияның 23 мемлекетінен 200 жас спортшы келеді деп күтіліп отыр. Оның ішінде Өзбекстан, Қытай Тайбэй, Жапония, Филиппин, Гонконг, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Иран, Қырғызстан, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Тәжікстан, Түрікменстан, Палестина, Пәкістан, Йемен, Ирак, Иордания, Кувейт, Малайзия және Қазақстан құрамалары бар.

Олимпиадалық жүйе бойынша өтетін додада ерлер 13, ал қыздар 12 салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығады. Бұдан бөлек, жастар арасындағы Азия чемпионатына 2005 және 2006 жылы туған боксшылар қатыспақ. Сондай-ақ, 2007 және 2008 жылдары туған балалар да Астана төрінде құрлық үзлігін анықтайды. Халықаралық бокс қауымдастығының (ІВА) бақылауымен өтетін Азия чемпионаты 2016 жылы Павлодар қаласында өткен болатын.

Материалда: