The Ring рейтингінде Әлімханұлы Головкинді басып озды

Редактор
20.10.2023, 13:44

Бірнеше жыл бұрын бұл тізімді GGG бастап тұрған

Фото ашық дереккөзден

АҚШ-тың The Ring журналы шығарған әлемдік рейтингте қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы өз салмағында көш бастады. Орта салмақтағы үздіктер тізімі жаңарып, бұрын бірінші сатыда тұрған отандасымыз Геннадий Головкин бұл тізімнен шығып қалған.

Америкалық журнал екі нұсқада әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын бірінші орынға шығарып отыр. Ол таяуда ғана WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белдікке ие болған еді. Ал, тағы бір отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов бұл рейтингте 7-ші қатардан орын алған.

The Ring нұсқасында 72,574 келі салмақтағы ондыққа енген кәсіпқой боксшылар рейтингі төмендегідей:

  1. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан),
  2. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы),
  3. Эрисланди Лара (Куба),
  4. Сергей Деревянченко (Украина),
  5. Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания),
  6. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан),
  7. Элайджа Гарсия (АҚШ),
  8. Феликс Кэш (Ұлыбритания),
  9. Лиам Смит (Ұлыбритания),
  10. Хамза Шираз (Ұлыбритания).

Ал екінші орта салмақта (76,203) көш басында мексикалық Сауль Альварес тұр. Бұл рейтинг бойынша қазақстандық боксшылар әзірге алғашқы ондыққа енген жоқ.