Тайсон Фьюри сәуірде шаршы алаңға оралады

Редактор
Бүгін, 20:30

Оның қарсыласы - ресейлік Арсланбек Махмудов

Getty images

Бокстан ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы, британдық Тайсон Фьюри ресейлік Арсланбек Махмудовпен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Netflix стримингтік платформасы X әлеуметтік желісінде жазып отыр.

Аталған жекпе-жек 11 сәуірге жоспарланған. Алдағы кездесуге байланысты Ресей боксшысы Instagram парақшасында жазба жариялап, Фьюриді жеңетініне сенімді екенін білдірді.

«Көк пен жердің Иесінің жәрдемімен мен жеңіс жолына шығамын», — деп жазды ол.

37 жастағы Тайсон Фьюри үшін бұл жекпе-жек 2024 жылдың желтоқсанында Александр Усиктен жеңілгеннен кейінгі алғашқы айқас болмақ. Ол WBC нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы.

Британдық боксшының кәсіби мансабында 34 жеңіс (24 нокаутпен), 2 жеңіліс және 1 тең нәтиже тіркелген.

Ал 36 жастағы Арсланбек Махмудовтың еншісінде 21 жеңіс (19 нокаут) және 2 жеңілісі бар. Ол соңғы рет 2025 жылдың қазан айында шаршы алаңға шығып, британдық Дэвид Алленнен басым түскен еді.

Реклама
Реклама