Камил Гаджиев Жәнібек Әлімханұлын қандай жаза күтіп тұрғанын болжады

Редактор
28.01.2026, 21:23

Маман ресми шешім жақын арада шықпайды деп санайды.

@kamilgadzhiev

Fight Nights промоушенінің президенті, спорт функционері әрі медиа-менеджер Камил Гаджиев қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты істің қаралу барысы жайлы пікір білдірді. Бұл туралы ол Kazinform агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Бұған дейін жарияланған мәліметтерге сәйкес, Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша екі тыңдау өткен, алайда әзірге әлем чемпионына қатысты нақты шешім қабылданған жоқ.

Камил Гаджиевтің айтуынша, бұл іс шынымен де күрделі, ресми үкімнің созылып жатқаны да сондықтан.

«Мен де бұл жағдайды бақылап отырмын. Шынын керек, мәселе өте күрделі, түсініксіз тұстары көп. Ең бастысы, адамдар бейжай қалған жоқ. Қандай жағдай болсын Жәнібек өзіне қолдау білдіріп, көмектесуге тырысқан жандардың бар екенін білді. Бұл спортшы үшін өте маңызды. Себебі федерация да, жанкүйерлер де сырт айналған жоқ. Нәтиже қалай болатынын айту қиын», - деді Камил Гаджиев.

Сондай-ақ ол Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағынан айырылуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.

«Әрине, ондай қауіп бар. Шындыққа тура қарау керек, дәл қазір бәрі соған келе жатыр», - деп түйіндеді Fight Nights басшысы.

Реклама
Реклама