Странджа кубогі: Дулат Бекбауов финалға шықты

Редактор
10.02.2024, 21:08

Ол әлемнің және Азияның күміс жүлдегері

Қазақстан бокс федерациясы

Софияда (Болгария) өтіп жатқан дәстүрлі «Странджа» кубогінің финалына екінші қазақ боксшысы жолдама алды. 67 келіде өнер көрсеткен Дулат Бекбауов Алжир өкілі Абденасер Бенларибиді жеңді деп хабарлайды 1bol.kz тілшісі.

Дулат үш раунд бойы қарсыласының ашық жұдырықтасуына еш мүмкіндік берген жоқ. Соның нәтижесінде төрешілер 4:0 есебін тіркеп, жеңісті бірауыздан қазақ боксшысына берді.

Енді жерлесіміз «Странджа» кубогінің алтыны үшін рингке шығады. Ал, оның алжирлік қарсыласы қола жүлдені місе тұтады.

Еске салайық, бұған дейін 51 келідегі Санжар Тәшкенбай өзбекстандық қарсыласын жеңіп, финалға жолдама алған болатын.