Қос боксшы да әлем чемпионы
Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан «Странджа» кубогінің жартылай финалында Санжар Тәшкенбай (51 кг) өзбек қарсыласы Асилбек Джалиловты жеңіп, финалға шықты.
Аса тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер 3:2 есебін тіркеген.
Айта кету керек, қос боксшы да былтыр Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы. Ол кезде Санжар 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Джалилов сондай-ақ, 2021 жылы жастар арасында әлем чемпионы, 2022 жылы Азия чемпионы атанған.
Енді қазақ боксшысы финалда жарыстың алтыны үшін жұдырықтасса, Өзбекстан өкілі үйіне қола мадельмен қайтады.