Жарнама
Жарнама

Отандық боксшылар «кіші әлем чемпионатын» тоғыз медальмен аяқтады

Редактор
01.03.2026, 22:43

Аламанға 39 боксшы аттанған.

Қазақстан бокс федерациясы

Болгария астанасы Софияда өткен халықаралық «Странджа» турнирі мәресіне жетті. 

Еуропадағы ең көне бокс додасы саналатын байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржынына тоғыз медаль түсті.

Ерлер құрамасы - 2 медаль

Жарыста Қазақстанның ерлер құрамасы екі жүлде жеңіп алды.

50 келіге дейінгі салмақта Даниял Сәбит турнир чемпионы атанып, алтын медаль иеленді. Ал 70 келідегі Фарух Тоқтасынов финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

2025 жылғы Қазақстан чемпионы Даниал Сәбит финалда Әзербайжан өкілі Билалхабаши Назаровпен бас жүлдені сарапқа салды.

Тартысты өткен жекпе-жектің тағдыры шешуші раундта шешіліп, отандасымыз 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Ал Фарух Тоқтасынов шешуші жекпе-жекте АҚШ өкілі Лавант Броунлимен жолығып, 4:1 есебімен қарсыласына жол берді.

Әйелдер құрамасы - 7 медаль

Әйелдер құрамасы жеті медальмен жарысты жоғары нотада аяқтады.

Алтын медаль иегерлері:

•Валерия Аксенова (+80 кг)

•Надежда Рябец (80 кг)

•Элина Базарова (54 кг)

Күміс жүлде:

•Лаура Есенгелді (65 кг)

Қола медаль иегерлері:

•Анель Сақыш (54 кг)

•Валентина Хальзова (75 кг)

•Дина Исламбекова (+80 кг)

Айта кетейік, «Странджа» турнирі 2026 жылы 77-рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы жарысқа Қазақстаннан 39 боксшы қатысқанымен, финалдық кезеңге алтауы ғана жолдама алды.

Реклама
Реклама