Жарнама
Жарнама

Флойд Мэйвезердің қарындасы кәсіпқой бокста дебютін өткізеді

Редактор
14.03.2026, 14:37

Оны әкесі жаттықтырған.

allboxing.ru

Атақты боксшы, бұрынғы әлем чемпионы кіші Флойд Мэйвезердің қарындасы Фатима Мэйвезер кәсіпқой бокстағы дебютіне дайындалып жатыр.

Ол алғашқы жекпе-жегін 25 сәуір күні промоутер Дэймон Фельдман ұйымдастыратын XRumble бокс кеші аясында өткізеді. «Trouble Time» лақап атымен танымал Фатима кештің қосалқы басты айқасында ММА файтері Венус Марсиальмен кездеседі. Бокс шоуы АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Честер қаласында, Harrah’s Philadelphia казиносында ұйымдастырылады.

Фатима бала кезінде біраз уақыт бокспен айналысқан, ал оны әкесі – белгілі бапкер Флойд Мэйвезер жаттықтырған. Алайда немересінің бұл қызығушылығына әжесі қарсы болып, рингтен кетуге мәжбүр болған. Спортшы қыздың айтуынша, сол кезде әкесі де әйелдер боксы көп табыс әкелмейтінін айтып, қызының бұл жолды таңдағанын қаламаған.

Фатима рингте атақты «Мэйвезер стилін» ұстануға ниетті. Қазір ол Гранд-Рапидс қаласында бапкер Джон Гайтонның жетекшілігімен жаттығып жүр. Ал Лас-Вегастағы дайындық кезінде әкесі Флойд Мэйвезер мен ағасы Джефф Мэйвезер көмектеседі.

Реклама
Реклама