Жарыс Таиландта өтіп жатыр.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Бангкокте World Boxing -тің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Futures Cup халықаралық турниріне арнайы барды.
World Boxing ұйымының Instagram-да жарияланған видеосында қазақстандық аңыз боксшының турнирге қатысушы жастармен, бапкерлермен және ресми тұлғалармен кездескенін көруге болады. Әлемнің түрлі елдерінен келген жас боксшылар Қазақстанның әйгілі чемпионын жылы қарсы алып, онымен бірге естелік суреттерге түсті.
«World Boxing президенті Геннадий Головкин Бангкокте өтіп жатқан Futures Cup 2026турнирінде боксшылармен, командалармен және ресми тұлғалармен кездесті», – деп жазылған видеоның жазбасында.
Таиландтағы халықаралық додаға Қазақстанның U-19 жастар құрамасы да қатысуда. Ал команданы аға бапкер Бақыт Сәрсекбаев бастап барған. Бүгінгі жекпе-жектер қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының тоғыз боксшысы финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Futures Cup турнирінде Өзбекстанның жастар құрамасы да бақ сынап жатыр.