Ол келесі жекпе-жегін жарнамалауы мүмкін
Кәсіпқой бокстан супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы мексикалық Сауль Альварес (60-2-2, 39 КО) өзінің спорттағы мансабына қатысты мәңызды мәлімдеме жасамақ.
Боксшының үндеуі 13 ақпанда мексикалық Box Azteca телеарнасынан көрсетіледі деп хабарланған.
«Супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварес өз мансабына қатысты маңызды мәлімдеме жасау үшін Azteca телеарнасына барады. Сейсенбі, 13 ақпан. Трансляция цифрлық ресурстарда көрсетіледі», - делінген аталған хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, «Канело» 4 мамырда болатын жекпе-жегін жарнамалайды. Бұл күні ол жерлесі Хайме Мунгиямен (43-0, 34 КО) кездесуі мүмкін.
Өзге болжам бойынша, Альварес бокстағы мансабын аяқтайды.
Ал, кей сарапшылар Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен төртінші жекпе-жегін өткізуі мүмкін дегенді айтады.