Ангелина Лукас келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды

Редактор
13.02.2024, 15:14

Кездесу Тайландта өтеді

instagram.com/angelina_lukas1997/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Ангелина Лукас (6-1-0, 3 КО) өзінің келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні хабарлады.

26 жастағы боксшы биыл ақпан айының соңғы күні рингке шығуды жоспарлап отыр.

«29 ақпанда Бангкокте рингке ораламын. Алға, Қазақстан», - деп жазды Лукас өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Лукас өзінің соңғы жекпе-жегін биыл 31 қаңтарда Әзірбайжан астанасы Бакуде өткізген болатын. Ол кезде жерлесіміз пәкстандық Рома Юсафты нокаутпен жеңіп, WIBA титулын иемденді.

Материалда: