Жарнама
Жарнама

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Қазақстан құрамасында кімдермен дос екенін айтты

Редактор
23.03.2026, 21:10

Бұл күндері бірнеше елдің құрамалары Түркістанда оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр. 

Anvar Ilyasov / MOQ

Париж Олимпиадасының чемпионы және әлемнің екі дүркін чемпионы өзбекстандық Абдумалик Халоков Қазақстан құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындары туралы ойын бөлісті.

Қазіргі таңда бірнеше елдің құрамалары Түркістан қаласында жаттығу жасап жатыр. World Boxing аясында өтетін Азия чемпионатына дайындыққа Қазақстан мен Өзбекстаннан бөлек Түрікменстан, Түркия және Германия құрамалары да қатысуда.

Халоковтың айтуынша, екі елдің дайындық базалары ұқсас:

«Екі елдің базасын салыстырсақ, айырмашылық жоқ деуге болады. Біз де көбіне таулы аймақта жаттығамыз. Бұл жиынның пайдасы көп екені сөзсіз. Қазақстан – өте қонақжай ел. Мұны жақсы білеміз. Қазақ жігіттерінің арасында достарым көп, соның ішінде Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай бар. Бізді жылы қарсы алып, құрмет көрсетті. Қарым-қатынасымыз өте жақсы», – деді ол.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 28 наурыз бен 11 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары толық тізімдерін жариялаған жоқ. Дегенмен Asian Boxing ұйымы Махмұд пен Төрехан Сабырхандар, сондай-ақ Нұрбек пен Айбек Оралбайлар сынды ағайынды боксшылар қатысатынын растады.

Реклама
Реклама