Жарыс Моңғолия астанасында өтеді.
2026 жылы Ұлан-Батыр қаласында бокстан өтетін Азия чемпионаты құрлықтың ең мықты былғары қолғап шеберлерін бір аренада тоғыстырмақ. Жарысқа Олимпиада жүлдегерлері мен чемпиондары, сондай-ақ жаңа буын жұлдыздары қатысады.
Asian Boxing ұйымының мәліметінше, бұл турнир Париж Олимпиадасы 2024 ойындарынан кейін рингке оралатын үздік боксшылар үшін үлкен сын болмақ.
Қатысушылар қатарында Қытайдың Олимпиада чемпионы У Юй, Қытай Тайбэйінің тарихи чемпионы Линь Юйтин және Қазақстаннан шыққан Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай бар.
Үндістан құрамасы да мықты құраммен келеді: Олимпиада жүлдегері Ловлина Боргохайн, сондай-ақ Никхат Зарин, Пуджа Рани, Прити және Джасмин өнер көрсетеді.
Оралбайдан бөлек ұлттық құрама сапында Махмұд Сабырхан, Айбек Оралбай және Валентина Хальзова бар. Ал Өзбекстан құрамасынан Сабина Бобокулова, Нигина Уктамова және Ситора Турдибекова секілді жас олимпиадашылар бақ сынайды.
Сонымен қатар Жапонияның Олимпиада жүлдегері Цукими Намики, Тәжікстан өкілдері Миджгона Самадова мен Баходура Усмонов, Оңтүстік Корея спортшысы Им Э-джи және өзге де мықты атлеттер қатысады.
Жалпы, турнирге Азияның түкпір-түкпірінен 250-ге жуық боксшы қатысатыны расталды. Сарапшылар бұл чемпионатты соңғы жылдардағы ең бәсекесі жарыстардың бірі болады деп бағалап отыр.