Жуырда Усик тағы үш жекпе-жек өткізіп, мансабын аяқтауды жоспарлап отырғанын айтқан еді
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін украиналық даңқты боксшы Александр Усик мансабындағы соңғы жекпе-жегін кіммен өткізетінін айтты.
39 жастағы боксшы WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы екенін айта кету керек. Ол кәсіпқой рингте бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Алдын ала болжам бойынша, Усик британдық Тайсон Фьюримен үшінші жекпе-жегін өткізуі керек болған. Алайда, боксшының өзі мұны растамады. Ол WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион германиялық Агит Кабаелмен күш сынасқысы келеді екен.
«Тайсон Фьюримен трилогияның орнына келесі қарсыласым Кабаел болуы мүмкін, бірақ әзірге нақты шешім жоқ. Жанкүйерлердің үмітін түсінемін, алайда менің өз өмірім, отбасым мен командам алдындағы жауапкершілігім бар. Қазір тек жаттығып жүрмін және Агитпен жекпе-жек өтуі әбден мүмкін екенін жоққа шығармаймын, ол мықты әрі ақылды боксшы», - деді Усик talkSPORT порталына берген сұхбатында.
Жуырда берген сұхбаттарының бірінде Усик тағы үш жекпе-жек өткізіп, мансабын аяқтауды жоспарлап отырғанын айтқан еді. Ол қалаған қарсыластарының қатарына Рико Верхувенді, Уордли – Дюбуа жекпе-жегінің жеңімпазын және Тайсон Фьюримен трилогияны қосқан.