Құрлықтық дода 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтеді.
Қазақстан ұлттық құрамасы бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын толық құрамын ресми түрде жариялады. Құрлықтық дода 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтеді.
Дәстүр бойынша Қазақстан құрамасы бұл жарыста басты фавориттердің бірі саналады. Команда сапында әлем чемпиондары, Олимпиада жүлдегерлері және ел біріншілігінің үздік боксшылары бар.
Ерлер құрамасының бас бапкері – Нұржан Насанов.
Әйелдер құрамасын Елдос Сайдалин жаттықтырады